Чехия Ресейден 59 жер телімі үшін ақы талап етті

0
493

Чехия билігі Ресейден Прага, Брно және Карловы Вары қалаларындағы кейбір ресейлік дипломатиялық мекемелер мен нысандар орналасқан жер учаскелері үшін ақы төлеуді талап етеді. Бұл туралы Чехияның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Әңгіме ауданы 49 271 шаршы метр болатын 59 жер телімі туралы болып тұр. Осы жерлердегі нысандарды Ресей елшілігі дипломатиялық мақсатта пайдаланбай отыр. Олардың арасында Прага-6 ауданындағы Швейгеровая көшесінде орналасқан тұрғын үй кешені, Сібір алаңындағы Әулие Людмила православие шіркеуі, Брно мен Карловы Вары қалаларындағы былтыр арнайы мәртебесінен айырылған Ресей елшілігінің ғимараттары бар.

Праганың пікірінше, Мәскеу бұл жерлерді мақсатсыз пайдаланады, яғни оны ақысыз беруге еш негіз жоқ. Ал, Чехия өткен айда КСРО-ға дипломатиялық мақсатта жер учаскелерін тегін пайдалану құқығын берген жетпісінші-сексенінші жылдардағы тоғыз қаулының күшін жойды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here