Пойыз кешіккенде төленетін өтемақы мөлшері белгілі болды

0
597

Пойыз кешіккен әр сағат үшін жолаушыға жол жүру құжаты құнының 3 пайызын қайтарады. Қайтарылған сома жол жүру құжатының құнынан аспауы керек. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Баспасөз қызметі хабарлады.

«Егер 6 сағаттан астам кешіккен жағдайда, жолаушылар вагон-мейрамханаларда тегін тамақтана алады. Жол жүру жағдайларының өзгеруі мен пойыздардың 2 сағаттан астам кешігуі туралы жолаушыларға SMS хабарлама жолданады. Сондай-ақ, техникалық және технологиялық мүмкіндіктерді ескере отырып, тамақтану орындарының, сауда нүктелерінің санитарлық аймақтардың үздіксіз жұмыс істеуі бақыланады», – делінген хабарламада.

Вокзалда жолаушыларға ақпарат беру бойынша 1433 анықтама телефоны жұмыс істейді. Сондай-ақ, жол жүру құжаттарын қайтару бойынша +7 707 270 36 64 телефонына хабарласуға болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here