Зардап шеккен тұрғындардың бәріне қолдау көрсетіледі – Президент

0
383

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді. Жедел штаб отырысында Мемлекет басшысы қазіргі басты міндетті атады.

«Қазіргі басты міндет – адам өмірін сақтап қалу. Сондай-ақ, өртті тоқтатып, елді-мекендерге таралуына жол бермеу. Өрт қаупі бар жерден көшірілген тұрғындарды қауіпсіз мекенге орналастырып, оларға қажетті жағдай жасау керек. Қатердің беті қайтқан соң, залалдың көлемін шұғыл анықтау қажет. Зардап шеккен тұрғындардың бәріне қолдау көрсетіледі. Мен жаңа ғана азаматтармен кездестім, уәде бердім. Сондықтан берілген уәдені міндетті түрде орындауым керек. Қаза болған азаматтардың отбасына және зардап шеккен адамдарға өтемақы төлеу мәселесін шешуді тапсырамын. Бұл мәселеде созбалаңға салу мүлдем болмауы керек. Алапат өрт кезінде өмірін құрбан еткен жандар мемлекеттік наградаға ұсынылсын. Сондай-ақ, бүлінген нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын дереу бастау қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here