Спорт мектебінің оқытушыларына қосымша ақы төлене бастады

0
378

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің мамандандырылған бөлімшелерінің, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат, колледждерінің, дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернаттардың педагогтарына, жаттықтырушы-оқытушыларына біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлене бастады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда:

  • педагог-модератор біліктілік санаты үшін – лауазымдық еңбекақының 30 пайызы;
  • педагог-сарапшыға — лауазымдық еңбекақының 35 пайызы;
  • педагог-зерттеушіге – 40 пайызы;
  • педагог-шеберге біліктілік санаты үшін — лауазымдық еңбекақының 50 пайызы мөлшерінде үстемеақы көзделген.

Қазір елде дене шынықтыру және спорт саласында 66 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Олардың арасында оқытушылар, жаттықтырушылар, әдіскерлер және басқа да қызметкерлер бар. Оның ішінде мамандардың шамамен 42 пайызы немесе 28 мыңнан астамы ауылдық жерлерде қызмет атқарады.

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбектің айтуынша, жыл сайын 2 мыңға жуық мектеп түлегі жоғары оқу орындарына «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына оқуға түседі. Бүгінгі таңда университеттердің білім беру бағдарламалары жаңартылып, оларға «Спорт менеджменті», «Спорт психологиясы», «Денсаулық менеджменті», «Спорттық құқық», «Спорттық медицина», «Спорт журналистикасы» және басқа да жаңа пәндер қосылған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here