Сарбаздар туыстарына әскери бөлімде экскурсия жасады

0
308

Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында осы жылдың көктемінде шақырылған мерзімді қызметтегі сарбаздардың туыстары мен жақындары үшін Ашық есік күнін ұйымдастырды, онда екі ай бұрын әскерге шақырылған жауынгерлер өздерінің машықтары мен дағдыларын көрсетті.

Іс-шара қонақтарды қарсы алудан және әскери бөліммен танысудан басталды. Трибунадан механикаландырылған бригада командирі подполковник Дастан Мұхамеджанов сөз сөйледі. Ол қонақтарға офицерлердің, сержанттар мен сарбаздардың бірнеше буынын білім мен батылдық мектебінен өткізген бригаданың даңқты тарихын айтып берді.

– Бригада тарихында Отанға қызмет етудің үлгісі болып табылатын жүздеген сарбаздардың, сержанттардың, офицерлер мен генералдардың тағдырлары жазылған. Біздің бөлімде қызмет еткен немесе қызмет ететін әрбір әскери қызметші борыш пен Отанға адалдықтың нағыз үлгісі болып табылады, – деп қосты подполковник Дастан Мұхамеджанов.

Қонақтарға казармалар, оқу сыныптары, демалыс және жаттығу бөлмелері көрсетілді. Ал саптық алаңда жауынгерлік және салтанатты киім үлгілері, әскери техника және әскери қызметшілердің түрлі қару-жарақтары көрсетілді. Көптеген қонақтар қарап қана қоймай, қаруды қолына алып жақын танысуға мүмкіндік алды.

Экскурсиядан кейін мерзімді қызмет сарбаздары жауынгерлік дағдылар мен машықтарын, заманауи қару-жарақ үлгілерін көрсете отырып, көрме қойылымдарын өткізді. Саптық алаңда сарбаздар гаубицаны атуға дайындау нормативін орындады, сондай-ақ бөлімшенің жауынгерлік қимылдарын көрсетті. Одан кейін қонақтарды АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу мен құрастыруды көздерін байлап орындаған жауынгерлер таң қалдырды.

– Біздің балаларымызды Отанымыздың мықты, нағыз қорғаушылары ретінде көру өте қуанышты. Осындай қысқа уақыт ішінде, сабақ және жаттығулар арқасында олар соншалықты көп білім алғаны, бізді таң қалдырды, – деп бөлісті сарбаздың анасы Гүлжан Аблаева. 

Айта кетсек, іс-шараға 500-ден астам қонақ қатысып, ұйымдастыруға 200-ден астам әскери қызметші тартылып, 50-ге жуық қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылды.

Ашық есік күнінің соңында көрермендер алдында мерзімді қызмет сарбаздарынан құралған музыкалық ұжымдар мен бригаданың әскери оркестрі өнер көрсетті.

Шымкент гарнизонының Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here