Мәулен Әшімбаев өзбекстандық әріптесі Танзила Нарбаевамен кездесті

0
329

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаев Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті.

Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев парламентаралық байланысты одан әрі дамытуға мүдделі екенін айтты. Сондай-ақ ол екі елдің Мемлекет басшылары деңгейіндегі өзара сенімге негізделген саяси диалогтың қарқынына назар аударып, заң шығару органдары арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

«Біздің елдеріміз – одақтас және стратегиялық серіктес мемлекеттер. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық бауырластыққа, өзара достық пен тату көршілікке, ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи және мәдени байланыстарға табан тірейді. Сондай-ақ екіжақты қарым-қатынас біздің Палаталар арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссия арқылы да белсенді дамып келеді. Бұл Комиссия – заң шығару қызметінде тәжірибе алмасуға және өзара диалогты дамытуға мүмкіндік беретін тиімді алаң. Сонымен қатар біз алдағы уақытта Арал мәселесі бойынша да өзбек әріптестерімізбен белсенді іс-қимылды жалғастырамыз деп үміттенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Кездесу барысында өңірлік ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселесі де талқыланды.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы әріптесін Өзбекстанның бүкілхалықтық референдумды сәтті өткізуімен құттықтады. Сондай-ақ Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформаларды іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін жүргізілген жұмыстар жөнінде айтты.

Өз кезегінде, Танзила Нарбаева Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси өзгерістерді жоғары бағалады және екі ел Парламенттері депутаттарының бірлескен сындарлы жұмысы Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here