Қашықтан құрбан шалуға арналған сайт іске қосылды

0
332

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2023.kz сайтын іске қосты. Халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін биыл құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйені бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады.

Құрбан шалуға ниетті адамдар сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аударады. Төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен WhatsApp нөмірге жіберіледі. 

Айта кетейік, Арапа күні биыл 27 маусымға сәйкес келеді. 28 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Яғни, Құрбан айт мейрамы сәрсенбіге түсіп тұр. Бес күн жұмыс істейтіндер 26, 27 маусымда жұмыс істеп, 28 маусымда демалады. Содан кейін 29, 30 маусымда қайтадан жұмысқа шығады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here