Қыркүйекте Алматыдан Тель-Авивке тікелей рейстер ашылады

0
224

Биыл 7 қыркүйектен бастап Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша жаңа тікелей тұрақты рейстер орындала бастайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компаниялармен бірлесіп ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде. Биыл 7 қыркүйекте «Эйр Астана» әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерінде Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша жаңа тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр», – делінген хабарламада. 

Аталған рейстер аптасына 2 рейс (бейсенбі және жексенбі) жиілігімен орындалатын болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here