Халықты жұмыспен қамту орталықтары түгел жабылады

0
732

Алдағы 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне байланысты елімізде Жұмыспен қамту орталықтары түгел жабылады. Олардың орнына облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда Еңбек мобильдігі орталықтары құрылады. Мұндай орталықтардың филиалы «Мансап орталығы» деген атаумен жұмыс істейді.

Еңбек мобильдігі орталықтары «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы заңы негізінде қызмет атқарады. «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларын жүзеге асырады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда 207 Жұмыспен қамту орталығы бар.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here