ҚазҰУ мен Huawei Technologies Kazakhstan арасындағы серіктестік

0
381

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев «Huawei Technologies Kazakhstan» компаниясының бас директоры Чжао Сюймен кездесіп, бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі хабарлады.

Университет ректоры Жансейіт Түймебаев құрметті қонақтарды қарсы ала отырып, ҚазҰУ «Huawei» компаниясымен тығыз байланыста жұмыс істейтінін атап өтті. Ынтымақтастық туралы келісім аясында ҚазҰУ базасында «Huawei» ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар орталығы ашылған болатын. Орталық жұмысы IT және телекоммуникация саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға, бірлескен білім беру бағдарламаларын жасауға, ғылыми зерттеулер жүргізуге және инновациялық өнімдер мен шешімдер шығаруға бағытталған. Өз сөзінде ректор ҚазҰУ «Huawei» компаниясымен серіктестікті одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Өз кезегінде «Huawei Technologies Kazakhstan» компаниясының бас директоры Чжао Сюй жылы қабылдағаны үшін университет басшылығына ризашылығын білдіріп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен серіктестікті дамытуға бағытталған барлық бастамаларды қолдайтынын айтты.

Кездесу барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастық аясында жүзеге асырылатын бірқатар ұсыныстар мен бастамаларды талқылады.

«Huawei Technologies Kazakhstan» компаниясының өкілдері сапар барысында ҚазҰУ кампусын аралап, Әл-Фараби кітапханасында болды. Сондай-ақ, университет ғалымдары әзірлеген инновациялық жобалармен танысты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here