Польшада «Димаш» радиосы жұмыс істейді

0
381

Польшада әнші және музыкант Димаш Құдайбергеннің құрметіне радиостанция жұмыс істей бастады. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Радио толқынында тыңдарман Димаштың ғана емес, басқа да қазақ өнерпаздарының әндерін тыңдай алады. Сонымен қатар, эфирде қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті туралы айтылады.

Димаш радиостанциясын құру идеясы Польшадағы Димаш Құдайберген фан-клубына тиесілі. Бастапқыда әншінің поляк жанкүйерлері БАҚ саласында тәжірибесі болмағанын және олар жүре үйренгенін айтады. Бірақ, қазір станция аптасына жеті күн, тәулігіне 24 сағат бүкіл әлемге хабар таратады.

«Мен Димаштың шығармашылығымен «Singer» шоуының арқасында таныстым. SOS әні – керемет дүние! Бірден қызығушылық танытып, «Келесі концерт қай жерде болса да, міндетті түрде Димашты тікелей эфирде тыңдауым керек» деп шешім қабылдадым. Бір айдан кейін ол Лондонда өнер көрсетті. Мен бардым. Кейіннен радиостанция құру идеясы келді», – дейді «Димаш» радиосының негізін қалаушы Збигнев Кужинский.

Радио толқынында Қазақстанның барлық айтулы оқиғалары мен мерекелері тойланады. Ал, тамыз айында Абайға арналған тақырыптық хабарлар болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here