Ресейлік Telegram мәзіріне қазақ тілі қосылды

0
443

Осыдан тура он жыл бұрын ресейлік кәсіпкер Павел Дуров ойлап тапқан Telegram әлеуметтік желісінің мәзіріне қазақ тілі қосылды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі хабарлады.

«Telegram-ға iOS және Android арқылы немесе web нұсқасына кірсеңіз, қазақ тілі ресми түрде енгізілгенін көресіз. Айта кету керек, кеше ғана Сенат бекіткен «Онлайн платформа және онлайн жарнама» туралы заң жобасында да дәл осы мәселе қарастырылған. Заңнама қабылданса, енді әлемдік әлеуметтік желілер интерфейстері мен мәзірлерін қазақшалауы керек», – деп жазды Дархан Қыдырәлі.

Бұл мәселені халықаралық компаниялардың өкілдерімен кездесулерде де көтеріп жүргенін айтқан министр жаhандық желілер қазақша сөйлейтін күн алыс емес екеніне сенім білдірді.

Айта кетейік, Telegram желісі әлемдегі қолданушылар саны бойынша бесінші орында тұр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here