Сенаторлар Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

0
436

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Мұрат Қадырбек өңірге сапар барысында Сауран және Отырар аудандарында болды. Тұрғындармен кездесуде құбырмен келетін судың жоқтығы, көпсалалы аурухана салу қажеттігі, ауылдық округтерде жер қойнауын заңсыз пайдалану және басқа да маңызды мәселелер көтерілді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов Сауран ауданының халқы түгелдей ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтінін айтты. Бүгінгі күні аудан орталығында 16 мың адам тұрады, оның ішінде 3200 мүгедек бар, әйтсе де оларға арналған тиісті әлеуметтік инфрақұрылым жасалмаған.

Депутат Әли Бектаев барлық айтылған ұсыныстарға жеке тоқталып, сенаторлар алдағы сессия барысында осы мәселелерді шешуге ықпал ететінін атап өтті.

Сенаторлар Отырар ауданының Талапты елді мекеніндегі сайлаушылармен кездесуде VIII шақырылымның бірінші сессиясы барысында Сенат мақұлдаған заң шығару қызметі мен заңдар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Депутаттар кездесулерді қорытындылай келіп, ұсынылған әрбір ұсыныстың маңызына тоқталды және олардың кезең-кезеңімен шешілуіне ықпал ететінін жеткізді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here