Шалғай ауылдарда мектеп жәрмеңкелері мен көшпелі автодүкендер ұйымдастырылады

0
121

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Оқу-ағарту министрі мен өңір әкімдеріне барлық білім беру нысанын 100% дайындауды тапсырды.

«Шалғай ауылдарда мектеп жәрмеңкелері мен көшпелі автодүкендерді ұйымдастыру қажет. Әкімдіктер, Оқу-ағарту, Сауда, Индустрия министрліктері мен «Атамекен» палатасы оқу құралдары мен мектеп формасының   қолжетімді бағасын қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауы тиіс», – деді Әлихан Асханұлы.

Үкімет басшысы «1 қыркүйектен бастап барлық бастауыш сынып оқушылары, яғни шамамен 1,5 млн бала тегін тамақпен қамтылатынын тілге тиек етті.

«Биыл аз қамтылған отбасылар мектеп киімі мен кеңсе тауарларын сатып алуы үшін бір балаға кемінде 40 мың теңгеден алатын болады. Барлығы 500 мыңға жуық балаға осындай көмек көрсетіледі. Балаларды мектепке тасу үшін биыл 500-ден аса жаңа автобус сатып алынды. Жалпы оқу жылының басталуына орай инфрақұрылымды дамытып, оқу процесіне сапалы дайындықты қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс жүргізілді», – деп нақтылады премьер.

Әлихан Смайылов өңір әкімдіктерінің Ішкі істер министрлігімен бірге бейнекамераларды жаңарту, бейнебақылау жүйелерін Жедел басқару орталықтарына қосу, білім беру ұйымдарын лицензияланған күзетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды аяқтауды жүктеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here