Сенаторлар жас ғалымдармен кездесті

0
209

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері сала сарапшыларымен және жас ғалымдармен кездесіп, ғылымды дамыту мәселелерін талқылады. Кездесу Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру мақсатында «Отандық ғылымды дамыту және ғылыми-техникалық прогресс» тақырыбындағы дөңгелек үстелге дайындық аясында өтті.

«Қазіргі кезде елімізде ғылым мен ғылыми қызметті дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Осы саладағы жоғары білікті кадрларды даярлау – бүгінгі күннің басты міндеті екені ақиқат. Отандық ғылымды дамыту Парламент Сенатының күн тәртібінен де түскен емес. Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты – еліміздегі ғылымның жай-күйін жақсарту мәселесі мен ұсыныстарды талқыға салу болып табылады. Сенат депутаттары өз кезегінде сындарлы ұсыныстарды қарауға және қолдауға,  мемлекеттік органдардың атына заңнамалық бастама жасауға, оның ішінде депутаттық сауалдарды жариялау арқылы ұсыным жасауға дайын», – деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Сенаторларға университетті дамытудың бас жоспары көрсетілді. Олар сондай-ақ аккумулятор зертханасының жұмысымен және интеллектуалды жүйелер және жасанды интеллект институтының зертханасымен танысты

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here