Қазақстан Қорғаныс министрі Катарға ресми сапармен барды

0
164

Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен әскери делегация таяу шығыс мемлекетінің астанасы Дохаға премьер-министрдің орынбасары – Катардың қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Халед бен Мұхаммед Әл-Аттыйяның шақыруымен келді. 

Биыл елдер арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отыр.

Тараптар өзара мүддені білдіретін әскери ынтымақтастықтың келе талқылады.

Қазақстан Қорғаныс министрі кездесудің маңыздылығын атап өтіп, бұл қорғаныс ведомстволарының екіжақты ынтымақтастығы тарихындағы маңызды кезең болмақ деді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Катар мемлекетінің үкіметтері арасында әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here