Ардагерлер 18,4 мың теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек алады

0
271

Биыл 15 ақпанда бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ауғанстан аумағынан әскерді шығарғанына 35 жыл толады. Соған орай Астана қаласының мәслихаты ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген Ауғанстанда ұрыс қимылдарына қатысушыларға әлеуметтік көмек беру туралы шешім шығарды. 

«Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ауғанстан аумағынан әскерді шығаруының 35 жылдығына (2024 жылғы 15 ақпан)  орай Ауғанстанда ұрыс қимылдарына қатысушылар ішінен жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (18 460 теңге) қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін», – делінген шешімде.

Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here