Азаматтардың өмірінде жылумен жабдықтауда тұрақтылық пен сенімді болуы маңызды рөл атқарады – сенатор

0
504

Шу ауданына жұмыс сапары барысында сенатор Бекболат Орынбеков бірінші кезекте қаладағы жылу желілерінің жай-күйіне көз жеткізу мақсатында «Шу-жылу» мекемесінде болып, жылумен жабдықтау жөніндегі кешенді жұмыстармен танысты. Сенатор азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдайды қамтамасыз етудегі жылумен жабдықтауда тұрақтылық пен сенімді болуы маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Жылу берудегі қысқа мерзімді үзілістердің өзі адамдардың өміріне елеулі әсер етуі мүмкін екені айтылды.

Сенатор Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтылған негізгі тұжырымдарды мекеме қызметкерлерімен бірге талқылап, Сенаттың 2023 жылғы жұмысының қорытындылары туралы кездесуге қатысушыларды хабардар етті.

«Сенаторлар қазіргі кезде еліміздің одан әрі дамуына маңызды заңдармен жұмыс істеуде. Сенат сонымен қатар бұрын қабылданған заңдарға түзетулер енгізумен де айналысады. Заңдарды дайындау сапасын арттыру үшін біз өңірлердің тұрғындарымен үнемі байланысып отырамыз, тіпті ең шалғайдағы ауылдық жерлерге де барамыз. Ол жердегі тұрғындарды алаңдататын мәселелер туралы хабардар болудың маңызы зор және мәліметтерді өзіміздің заң шығару қызметінде пайдаланамыз», – деді депутат.

Сенатор өткен жылдың екінші тоқсанында пайдалануға берілген әл-Фараби атындағы орта мектепте болды. Сондай-ақ 2023 жылдың соңында пайдалануға берілген аудандық орталық аурухана мен балаларды оңалту орталығының жағдайымен танысты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here