«Қашаған» кенішінен өндірілген мұнай 100 млн тоннаға жетті

0
274

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы ірі кеніш – «Қашағаннан» 100 млн тонна мұнай өндірілген. Бұл туралы Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясының басқарушы директоры Оливье Лазар мәлім етті.

«Бүгінгі айрықша белеске ең алдымен қауіпсіздікке, одан кейін өнімділікке басымдық беретін NCOC компаниясының қызметкерлері мен мердігерлерінің ерекше адалдығы және тәжірибесінің арқасында қол жеткіздік. Біз акционерлерге, республикалық және аймақтық мемлекеттік органдарға қолдаулары үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Бұл жетістік – командалық жұмыстың, кәсіпқойлықтың және барлық қатысушының қосқан үлесінің дәлелі», – деп хабарлады Оливье Лазар.

«Қашаған» кен орнын өнеркәсіптік игеру 2016 жылы басталған. Бұл – соңғы 40 жылда ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі. Оның өндірілетін қоры шамамен 9-13 миллиард баррель (1-2 миллиард тонна) мұнайды құрайды. Мұнай теңіз табанындағы 4 200 метр тереңдіктен өндіріледі. Кен орнын игеру жобасының І кезеңіне шамамен 55 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here