Қарулы күштердің ардагерімен болған маңызды әңгіме

0
718

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары Қазақстан Қарулы күштерінің ардагері генерал-майор Айтқали Есенғұловта қонақта болып, Тәрбие құрылымдарының офицері күнімен құттықтады.

Мерзімді қызметтің сарбазынан генералға дейінгі әскери мансаптың барлық сатыларынан өткен Айтқали Ғұсманұлының өмір жолы болашақ офицер үшін үлгі болып табылады.

Курсанттарға еліміз Қарулы күштерінің қалыптасу тарихы туралы айтқан ардагер қызметі әскерлерді моральдық-психологиялық қамтамасыз етуге, әскери ұжымдардың жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін нығайтуға ықпал ететін атмосфера құруға бағытталған тәрбиеші офицердің миссиясына егжей-тегжейлі тоқталды.

– Тәрбие құрылымдары офицерлерінің атқарар жұмысы үлкен, әрі қажырлы еңбекті қажет етеді. Олардың басты міндеті – адамдармен жұмыс істей білу. Тәрбиеші офицер әскери қызметшінің жеке басын танып, оны түсінуі, сенімді қарым-қатынас жолдарын таба білуі керек. Жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық жай-күйін сақтау тәрбиешілерге тікелей байланысты, – деп атап өтті Айтқали Ғұсманұлы.

Ол сондай-ақ курсанттармен тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов туралы естеліктерін бөлісті.

– Әскеріміздің құрылу тарихын бүге-шүгесіне дейін білетін ардагермен кездесу біз үшін өте маңызды. Біздің арамыздағы мұндай қарым-қатынастан ұрпақтар сабақтастығы байқалады, – деді екінші курс курсанты кіші сержант Нұрдәулет Досай.

Өз кезегінде болашақ офицерлер ардагерге естелік сыйлықтар табыс етіп, гитарамен «Қазақстан офицерлер» әнін орындап берді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here