«Ұлы дала жорығы» биыл халықаралық деңгейге шығады

0
130

Дәстүрлі «Ұлы дала жорығы» додасына биыл Моңғолия командасы қатысып, шара халықаралық деңгейге ауысады. Бұл туралы Joryq ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбек Моңғолияның Қазақстандағы елшісі Дорж Баярхуумен кездесуінде айтты.

Биыл күзде «Ұлы дала жорығы» марафоны V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтеді. 2023 жылы бәйгеге қатысушылар Астанадан Түркістанға дейін 1300 шақырым жолды жүріп өткен болатын. Бұл қашықтықты марафон жеңімпазы – Жетісу облысының командасы 93 сағат, 47 минут, 43 секундта бағындырып, сыйақысы 18 миллион теңге болатын бас жүлдені жеңіп алды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here