Колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға өседі

0
153

2023 жылдың қыркүйегінен бастап 250 мың колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға ұлғайтылды. Биыл 300 мың білім алушыға тағы 50%-ға ұлғайтылады. Бұл туралы ҚР Білім министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.

«Орта буын мамандықтары студенттері қазіргі 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі», – деді техникалық және кәсіптік білім басқармасының бас сарапшысы Дархан Сатанов.

Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге әлеуметтік қолдау: тамақ пен жолақы беріледі. Еліміздегі колледждерде барлығы 542 мың студент оқиды, оның 344 мыңы тегін техникалық және кәсіптік білім алуда.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here