Наурыз мерекелеріне орай қосымша пойыздар жолға шығады

0
116

7 наурыздан бастап жолаушылар пойыздарына 398 қосымша вагон қосылады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ наурыз мерекелеріне орай пойыздар мен вагондар санын арттыруды жоспарлап отыр.

Атап айтқанда, қосымша үш пойыз келесі бағыттар бойынша екі бағытта жүреді:

  • «Астана – Алматы-1» бағыты бойынша №201/202 пойызы, 4 рейс;
  • «Астана – Шымкент» бағыты бойынша №203/204 пойызы, 3 рейс;
  • «Ақтөбе – Шымкент» бағыты бойынша №205/206 пойызы, 2 рейс.

«Мереке күндері 7 наурыздан бастап жолаушылар пойыздарына, әсіресе, тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 398 қосымша вагон қосылады» делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, 2024 жылдың наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады.

  • 8 наурыз, жұма – Халықаралық әйелдер күні.
  • 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. 23 наурыз сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күні 25 наурызға ауыстырылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here