Елімізде адам құқығы қорғалған ба?

0
665

Соңғы жылдарда елімізде азаматтық қоғамдастықтың қатысуымен адам құқықтары саласындағы бірнеше іс-қимыл жоспарлары мен даму бағдарламалары қабылданғаны белгілі. 2021 жылдың маусым айында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын бекітті. Онда негізінен адамдардың бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету, пікір білдіру, мүгедектердің, адам саудасының құрбандарының құқықтары, әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою міндеттері көзделген. Қылмыстық сот төрелігі саласындағы адам құқықтарын қамтамасыз ету, азаптау мен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар бекітілді. 2021 жылғы қазанда Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясы барысында Қазақстан Республикасы 2022-2024 жылдарға арналған БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Адам құқықтарын қорғау шаралары

Еліміздің Дүниежүзілік ұйымның бас құқық қорғау органына сайлануы оның адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық нормалар мен стандарттарды ілгерілету процесінің белсенді және жауапты қатысушысы ретіндегі рөлін мойындау екені сөзсіз. Құқық үстемдігі индексінің рейтингісіне сенсек, 2022 жылы Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда бір позицияны қосып, 140 елдің ішінде 65-орынды иеленді. Жекелеген позициялар бойынша Қазақстан әлемнің 50 елінің қатарына кіреді. Осылайша, «тәртіп және қауіпсіздік» санатында Қазақстан Франция, Португалия, Италия, Грекия, Болгариядан озып, 140 елдің ішінде 42-орында тұр. «Азаматтық сот төрелігі» рейтингі бойынша – 43-орында.

2021 жылмен салыстырғанда 3 позиция бойынша біздің еліміз алға қадам басты – «негізгі құқықтар» (+7), «қылмыстық сот төрелігі» (+6) және «мемлекеттік билікті шектеу» (+2). Өңірлік рейтингте (Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері) Қазақстан құқық үстемдігі индексі бойынша 4-орында. Қазақстан сот жүйесіне деген сенімді арттыру және жаңғырту бойынша елеулі жұмыс жүргізді. Басқалармен қатар, базалық заңдардың жаңа редакциялары, судьялық этиканың жаңа Кодексі, Сот жюриі туралы ереже қабылданды, судьяның кәсіби қызметін бағалау туралы нормалар енгізілді. Жетекші елдерде танылған HR-құралдарды қолдана отырып, судьяның кәсіби қызметін бағалауды жүзеге асыратын сот төрелігінің сапасы жөніндегі Комиссия, яғни арнайы орган құрылды.

Мәселен, егер 2015 жылы Қазақстан соттарымен тек 70-ке жуық адам ақталса, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш орта есеппен 200 адамды құрайды (2020 жылы – 181, 2021 жылы – 208, 2022 жылы – 194). 2020–2022 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылықтары бойынша еліміздің Жоғарғы соты 75 адамды толығымен ақтады (2020 – 12, 2021 – 40, 2022 – 23). Қазақстан адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын және Біріккен Ұлттар Ұйымының 8 құқық қорғау конвенциясын қоса алғанда, адам құқықтары саласындағы 70-тен астам көпжақты әмбебап шарттардың қатысушысы. Осы факторларды, сондай-ақ Қазақстан беретін әділ сот талқылауын, экстрадицияланатын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету кепілдіктерін ескере отырып, шет мемлекеттер, оның ішінде Еуропалық Одақ Қазақстанға сот төрелігінен жасырынған адамдарды беру туралы шешім қабылдайды.

Атап айтар болсақ, 2020-2023 жылдары Еуропаның 16 мемлекеті, оның ішінде Испания, Молдова, Черногория, Германия, Украина (2023 ж.), Польша (2023 ж.) және Швеция (2023 ж.) заңсыз әрекеттер жасады деген күдік бойынша іздеуде жүрген 146 адамды Қазақстанға беру туралы шешім қабылдады. Бұл ретте, Черногория, Германия, Польша және Швециямен Қазақстан арасында ұстап беру (экстрадициялау) туралы шарттар жоқ және бұл елдер қылмыскерлерді өзара қарым-қатынас қағидаттарында берді. Осылайша, олар халықаралық қатынастардың жауапты субъектісіне де, Қазақстанның құқықтық жүйесі мен сот төрелігіне де сөзсіз сенімді растады. 2002 жылдан бастап Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институты құрылды. Омбудсмен кезінде адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық жұмыс істейді.

2022 жылы 5 қарашада «Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі туралы» Конституциялық заңның қабылдануымен оның конституциялық мәртебесі бекітілді, өкілеттіктері, тәуелсіздік кепілдіктері және оның мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермеу құқығы кеңейтілді. «Қазақстанда соңғы 30 жылдағы ілгерілеу басқа елдер үшін Еуропалық Одақ омбудсмен институтын дамытуда үлгі бола алады», – деп атап өтті БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг Стори 2022 жылғы 10 желтоқсанда адам құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесуде. 2023 жылы наурызда Қазақстанға жұмыс сапарымен келген БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Түрк Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды, оның ішінде Конституциялық Сот құруды және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесін нығайтуды, азаптауға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерді, сондай-ақ өлім жазасын толық жоюды өте жоғары бағалады.

«Мен өткен жылы сіздің еліңізде болып жатқан оқиғаларды бақылап отырдым. Біздің көзқарасымыз бойынша, азаматтардың құқықтарын қорғау реформалардың ажырамас бөлігі, өйткені бұл елдің болашағы туралы. Қазақстан күрделі тарихты өзіне мұра етті, бірақ бұл елде реформалар мен жаңғыруға деген ұмтылыс бар екені анық. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығын мерекелеудің осы мерейтойлық жылында Қазақстанға келгеніме қуаныштымын. Мен Қазақстанда көптеген жылдар бойы болмаған ашықтықты көріп отырмын», – деді Жоғарғы комиссар.

Бүгінде еліміз өзінің халықаралық міндеттемелерін толық сақтай отырып, ауқымды демократиялық реформалар жүргізіп, адам құқықтарын қорғауда. Демократиялық даму, адам құқықтарын қорғау және заңдылықты нығайту үшін қажетті заңнамалық жағдайлар жасалды.

Атап айтар болсақ, біріншіден, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарын енгізу шеңберінде саяси шешімдер қабылдау процесіне Қазақстан азаматтарының кеңінен қатысуы қамтамасыз етілді; екіншіден, саяси басқарудың теңдестірілген жүйесі құрылып, Үкіметтің есептілігі мен ашықтығы қағидаттары енгізілді. Оның мақсаты – еліміздің саяси трансформациясы мен «Әділетті Қазақстан» құрылысының басталған процестерінің қайтымсыздығын қамтамасыз ету.

Қабылданған реформалар

  1. Демократияға үлес қосу:
  • ПрезиденттікреформазаңнамадаҚРПрезидентіүшін қайта сайлауқұқығынсыз бір ретжеті жылдық мерзім туралы ереженібекітті,бұлҚазақстандағыдемократияқағидаттарыннығайтуғамүмкіндік берді.
  • Суперпрезиденттік өкілеттіктердіжоюғабағытталғанконституциялықреформалар іске асырылды.ПрезиденттікөкілеттіктержергіліктіатқарушыоргандарғақатыстышектеуліжәнеСенаттағы«президенттікквота»қысқартылды.
  • Ресмисаясипартиялардытіркеушегітөртесеге–20000-нан5000-ға дейін төмендетілді.Тіркеуережелеріжеңілдетілген.
  • Ұлттықзаңнаманытолықтыружаңасаясипартиялардың–«Байтақ»пен«Республиканың» тіркелуінеәкелді.Соңғысы2023жылғынаурызда«Аманат»,«АқЖол»,«Ауыл»,Жалпыұлттықсоциал-демократиялықпартия және«ҚазақстанХалықпартиясы» сияқтытанымалпартияларменбіргепарламенттіксайлаудажеңіске жетті.
  • Мәжілістіңөкілеттігіедәуіркеңейді.Жаңасайлаумоделінесәйкес сайлау партиялықтізімдермен бір мандаттыокругтер бойынша өтті.2023жылғынаурыздағысайлауқорытындысы бойынша парламенткеалтыпартияөтті, оныңүшеуіалғашретдепутаттықмандаталды, парламенттікпартиялардыңбірі – оппозициялық партия.
  • 2022-2023 жылдардағысайлауЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының талаптарынасәйкес келетін сайлаудыреттеудіңжаңажүйесін іске асыруарқылыҚазақстандағысаясибәсекелестіктіқамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
  • Әйелдер,жастарменерекшеқажеттіліктерібарадамдар үшінсайлаупартияларыныңтізімін жасақтап,парламенттікмандаттардыбөлукезіндеквотаенгізілді.
  • Қазақстантарихындаалғашретаудандықжәнеқалалықдеңгейдегіәкімдердісайлауөткізілді,бұлауылдықокругтердеңгейіндегібасшылықтышамамен60%жаңартуғаәкелді.
  • ЖергіліктібилікоргандарыныңөкілеттіктеріӨңірлікқаржыландырудытрансформациялаужәнеАбай,Ұлытау, Жетісудажаңаөңірлерқұруесебіненкеңейтілді.Жергілікті басқару жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілді.
  • Президенттікжастаррезервіқұрылды.Іріктеудіңбірнешекезеңіненөткенжасмамандарғамемлекеттікқызметтебасшылықлауазымдарғаорналасуғамүмкіндік берілді.
  • Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі Қазақстанның болашақ дамуының идеологиялық және мәдени параметрлерін айқындайтын шешімдерді басқару мен қабылдау процестеріне жұртшылықтың қатысуын ынталандыру мақсатында Ұлттық құрылтай болып қайта құрылды.
  1. Адам құқығын қорғау тетіктері:
  • Реформалар адам құқықтарын қорғау жүйесін күшейтті. Соттардың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған заңнамалық түзетулер қабылданды. Алқабилер сотында қаралатын істердің санаттары кеңейтілді.
  • Қазақстан адам құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерінің рөлін күшейтті. Елімізде Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен институты толыққанды жұмыс істеуде. Бұл мекеме конституциялық мәртебеге ие болды. Сондай-ақ, Қазақстанда адам құқығы мен балалар құқығы жөніндегі уәкіл және ерекше қажеттіліктері бар адамдар жөніндегі омбудсмен тағайындалды.
  • Конституциялық Сот Қазақстан азаматтары тікелей жүгіне алатын құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың аса маңызды тетігі ретінде қайта құрылды.
  • Конституциялық Сот Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін конституциялық бақылаудың жоғары органы саналады. Ол шығарған шешімдердің түпкілікті күші бар, тіпті Президент өз шешімдерін, оның ішінде азаматтардың конституциялық құқықтарына қатысты шешімдерін қайта қарай алмайды.
  • Конституцияға кез келген өзгерістер мен толықтырулар Конституциялық Соттың тиісті қорытындысы болған жағдайда ғана республикалық референдумға немесе Парламенттің қарауына шығарылуы мүмкін.
  • Конституциялық Соттың он бір судьясының алтауын, яғни көпшілігін Парламент палаталары тағайындайды. Ал Төрағаны Президент тек Сенаттың келісімімен ғана тағайындай алады.
  • Өтініштерді беру және қарау тәртібін реттейтін заң қабылданды, ол азаматтардың онлайн-өтініш беру арқылы өз пікірін білдіруіне мүмкіндік береді. Бұл тәжірибе Үкімет қызметіне ашық және айқын мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.
  1. Адам құқығы және заң үстемдігі:
  • Әлеуметтік кодекс қабылданды. Құжат азаматтардың әлеуметтік қорғалмаған санаттарын жан-жақты қолдауға бағытталған. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге арнайы төлем бекітілді.
  • «Адам құқықтары мен заңдылықты қамтамасыз ету саласындағы іс-шаралар жоспары туралы» Президент Жарлығына Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне толық сәйкестікте қол қойылды.
  • Қазақстанда өлім жазасын алып тастап, сотталғандардың денсаулық сақтау құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін азаматтық функциялар Ішкі істер министрлігінен Денсаулық сақтау министрлігіне берілді. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар мен мүгедектердің құқықтары туралы факультативтік хаттамаларын бекітті.
  • Азаптаулар үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді, азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігі күшейтілді, азаптау мен қатыгездіктің заңнамалық анықтамасы енгізілді.
  • Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік айтарлықтай күшейтілді. Мұндай жағдайларда тараптардың қайта татуласу мүмкіндігі заңмен жоққа шығарылады.
  • Ұлттық қордан балаларға төленетін жарналарды реттейтін заң қабылданды.
  • Митингілер туралы жаңа заң қабылданып, онда рұқсат беру тәртібінің орнына хабарлау тәртібі енгізілді, соның нәтижесінде Қазақстанда бейбіт митингілер саны бірнеше есеге артты.
  • БАҚ туралы заң қауіпсіз цифрлық кеңістікті құру үшін реформаланды.

Тобықтай түйін

Еліміздегі соттар, сот жүйесі, адам құқықтары туралы әңгіме – қоғамда қызу талқыланатын тақырып. Сонымен бірге бұл мәселелерді талқылауға тек судьялар мен заңгерлік қауым өкілдері ғана емес, бүкіл қазақ қоғамы қатысады. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерге көз жүгіртсек, соттар мен судьялардың атына кейде әділ, кей жағдайда негізсіз сынның артып, қатал сынға ұшырағанын байқаймыз. Бүгінде әйелін өлтірді деген күдікке алынған экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі де осыған дәлел. Бүкіл халық болып қазірде осы сот процесінің әділ шешімін күтіп отыр.

Соттар мен судьялардың қызметі төңірегіндегі дау-дамайдың шиеленісу деңгейі биліктің жоғарғы эшелондарынан туындайтын сот жүйесін реформалау жөніндегі бастамаларға, қалыптасқан сот практикасы мен сот төрелігін іске асыру сапасына, сот жүйесінің сыбайлас жемқорлық деңгейіне, судьялар мен сот әкімшілігінің кәсібилігіне байланысты. Ал бұл жағдайда биліктің сот тармағының тәуелсіздігін, заңның үстемдігін және сот төрелігін жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асыруын біліктілігі жоғары судьялардың қамтамасыз етуі арқылы өзгертуге болады. Қандай да бір дауды шешетін кез келген соттың алдында тұрған аса күрделі міндет – әділ шешім іздеуде Қазақстан Республикасының сот жүйесі объективті және субъективті сипаттағы қиындықтарға қарамастан, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткен жөн.

Нұрлайым ЖАҚЫПҚЫЗЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here