Halyk тобы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде 1 млрд теңге бөледі

0
2409

Halyk Bank және «Халық» қоры су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде өз қаражатынан 1 млрд теңге бөлу туралы бірлескен шешім қабылдады.

Еліміздегі ірі қаржы тобының басшылығы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларымен қатар, бұл жағдайға бейжай қарамайтын азаматтар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен жасалып жатқан бұл қадам табиғи апаттың зардабынан тезірек қалпына келуге көмектеседі деп үміттенеді.

«Біз үйі мен мүлкінен айырылған, апаттан зардап шеккен азаматтарымызға шын жүректен жанашырлық танытамыз. Мұндай трагедияға бейжай қарау мүмкін емес, осы ретте біз көмек қолын соза отырып, еліміздегі бұл қиын кезең мүмкіндігінше тезірек аяқталып, енді қайталанбайды деп шын жүректен үміттенеміз», – делінген банк пен Қордың бірлескен хабарламасында.

Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Павлодар, Ұлытау және Абай облыстарында болған жаппай су тасқыны салдарынан осы өңірлердегі тұрғындардың үйлері су астында қалды. Бүгінде 12 мыңнан аса адам эвакуацияланып, уақытша орналастыру пункттеріне жеткізілді.

«Халық банк» АҚ Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here