Малынан айырылғандарға 120 млн теңгеден астам өтемақы төленді

0
96

Жылыой ауданының Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тұрғындардан келіп түскен 101 өтінішті толығымен қанағаттандырды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб хабарлады.

Қосшағыл ауылдық округінде орналасқан «Қарағай» шаруа қожалығының басшысы Айтуар Мырзағалиевтің айтуынша, су тасқыны кезінде оның екі жылқысы суға батып кеткен. Ол өтінішін жергілікті кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жеткізген.

«Бізге бағалау комиссиясы келіп, барлық құжаттарды зерделеді. Біраз уақыттан кейін залалды бағалау нәтижелерін хабарлады. Біз келісім беріп, шотымызға өтемақымызды алдық», – деді Айтуар Мырзағалиев. 

Жылыой ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас Қуатбаевтың айтуынша, бүгінде малынан айырылған азаматтардың шоттарына барлығы 123,8 млн теңге аударылған. Өтініштерді қабылдау жалғасуда, 15 жұмыс күні ішінде арнайы комиссия барлық құжаттарды қарайды, өтемақы малынан айырылған азаматтың жеке шотына аударылады. Бұған дейін қабылданған өтініштер бойынша залал толығымен өтеледі. 

Еске сала кетейік, су тасқыны кезінде Құлсарыда 876 бас ұсақ және ірі қара мал зардап шеккен. Оның ішінде 93 бас ірі қара, 697 бас ұсақ мал, 55 бас жылқы, 31 бас түйе, 532 құс бар. Бүгінде азаматтардан түскен барлық өтініштер бойынша өтемақы толық төленді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here