Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша халықтың 60 пайыздан астамы дауыс берді

0
70

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 61,56%-і бюллетень алды.

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады.

Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылғаны туралы хабарлаймыз.

Дауыс берушілердің келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат  сағат 21.00-де берілетін болады. 

Айта кетейік, ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here