Мопед иелері енді А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуға міндетті

0
87

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев енді мопед иелері А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуға міндетті екенін хабарлады.

Шыңғыс Амангелдіұлының сөзінше, 3 қазан күні елімізде Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс пен жол қозғалысын реттеуге бағытталған заңнамаға ауқымды өзгерістер енгізетін заңдарға қол қойылды. Олардың басты бөліктері биылғы жылдың 4-ші желтоқсанында күшіне енеді. Ал, 2025 жылдың 4-ші сәуірінен бастап, мопед жүргізушілеріне қатысты өзгерістер іске қосылады.

«Тағы біз маңызды өзгеріс мопедтердің міндетті мемлекеттік тіркеуі болып табылады. Мопед жүргізушілері енді көлік құралын тіркеуге және А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуға міндетті. Егер жүргізушінің А және В санатындағы жүргізуші куәлігі бар болса, ол мопед жүргізе алады», – деді Шыңғыс Әлекешев.

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілінің сөзінше, 2025 жылдың 4-ші сәуірі күні мопед жүргізушілеріне жол қозғалысына байланысты барлық талаптар қойыла бастайды. Оның ішінде мопедті ішімдік ішіп алып жүргізуге тыйым салу талабы да бар.

«Өзгерістерге сай, жүргізуші куәлігі жоқ адам мас күйінде көлік басқарып ұсталса, ол жүргізуші куәлігіне 7 жылға дейін емтихан тапсыра алмайды. Осындай талаптар медициналық куәландырудан өтпегендерге қатысты да қойылады», – деп ескертті Шыңғыс Әлекешев.

Шыңғыс Амангелдіұлы сонымен қатар жаңа талаптардың бірінші кезекте жүргізушілердің жауапкершілігін арттырып, алкогольді ішімдік ішіп, есірткі қабылдап, көлік басқару әрекеттерінің алдын алумен байланысты екенін жеткізді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here