5 мамырдан бастап Алматыдан Ташкентке жаңа әуе рейсі ашылады

0
178
Фото: freightwaves.com

Көлік министрлігі «My Freighter» өзбек әуе компаниясы Қазақстанға ұшуды бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биылғы жылдың 5 мамырынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Өзбекстан Республикасының «My Freighter» (Centrum Air) әуе компаниясы шығады. Әуе компания Ташкент-Алматы бағыты бойынша аптасына екі рейс жиілігімен (дүйсенбі және бейсенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейсін орындай бастайды. Одан әрі 6 маусымнан бастап аптасына (жұма күндері) тағы бір рейс қосылып, осылайша рейс саны аптасына 3-ке дейін ұлғаяды.

– Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, – делінген мәліметте.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here