Алматы қаласындағы Қасыл Қатықбаева атындағы № 168 мектеп-гимназияда шоқпар жасаушы шебер, ақын, әнші-сазгер, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, «Әділ жауап» ұрыс өнері мектебінің бас бапкері Бұлжан Нұрлыбек Рәбілұлымен кездесу өтті. Шара мектептегі «Тәуелсіздік – тұғырым» атты тарих пәні апталығы аясында...