«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» АРҚЫЛЫ ҚАЛАЙ ПӘТЕР АЛУҒА БОЛАДЫ?

0
366

Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы көп балалы отбасыларға «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында жеңілдікпен пәтер берілетінін хабарлады. Жеңілдікпен тұрғын үй алу үшін азаматтардан өтініштер қабылдау ағымдағы жылғы 18 наурыздан 11 сәуірге дейін жалғасады.

Өтініштер мен құжаттар www.baqytty-otbasy.kz порталы арқылы қабылданады. Авторизация электрондық цифрлік қолтаңба арқылы жүргізіледі. Оны ХҚКО-дан алуға болады. Ал, тұрғын үйді бағдарламаға қатысушылар пайдалануға жаңадан берілген тұрғын үй кешендерінен өз еркімен таңдайды.
Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беруші құжаттардың стандартты пакетін қосу керек. Оған жеке куәлік, 2008 жылдан кейін дүниеге келген баланың туу туралы куәлігі, 2008 жылдан кейін тіркелген неке туралы куәлігі жатады. Негізгі құжаттар электронды порталда автоматты түрде жасалады. Бағдарламаға қатысушы төмендегі сканерленген құжаттарды ғана порталға жүктейді: 2008 жылға дейін дүниеге келген баланың туу туралы куәлігі, неке туралы куәлігі (некенің бұзылғандығы туралы), 2008 жылға дейін жұбайының қайтыс болғандығы туралы куәлік, некеде тұрмайтындығы туралы нотариалды бекітілген арыз.
Толық ақпарат алу үшін Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының +7 (727) 225-12-04, 225-14-57 телефон нөмірлеріне немесе «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның 8-8000-801-880 тегін сенім нөміріне хабарласуға болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here