НҰР-СҰЛТАННАН АЛМАТЫҒА БИЛЕТ ҚҰНЫ – 6 999 ТЕҢГЕ

0
249

1 мамырдан бастап сыйымдылығы 180 орындық «Airbus A320» әуе кемесі Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұша бастайды. Тарифтің ең төменгі құны – 6 999 теңгеден (бір бағытқа) басталады. Билеттерді брондау «FlyArystan» әуе компаниясының сайтында қолжетімді.

«FlyArystan» әуе компаниясының Сату және маркетинг жөніндегі директоры Жанар Жайлауова жаңадан құрылған әуе компаниясының барлық жолаушыларына flyarystan.com сайтында егжей-тегжейлі сипатталған тарифтер ережелерімен, шарттарымен мұқият танысып шығуға кеңес берді.
Айта кетейік, бұған дейін «FlyArystan» әуе компаниясы Алматыдан Таразға 2019 жылдың 1 мамырына жоспарланған алғашқы рейске билет сатуды ашқаны хабарланды. Сапар ұзақтығы 60 минут болатын біржақты билет құны әуежай алымдарымен қоса есептегенде 4 999 теңгеден басталады. «Алматы – Тараз – Алматы» бағытымен 180 орындық заманауи «Airbus A320» ұшақтары күнделікті сапарға аттанады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here