ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП ПОЙЫЗДАРДЫҢ ЖҮРУ КЕСТЕСІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНЕТІН БОЛДЫ

0
167

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ағымдағы жылғы 8 желтоқсаннан бастап кейбір пойыз бағыттарының өзгеретіндігін хабарлады.

Мәселен,  №375/376 «Нұр-Сұлтан – Риддер» бағыты бойынша жүретін пойыздың жол жүру қашықтығы қысқартылып, ол облыс орталығы «Өскемен-1» стансасына дейін ғана қатынайды, ал №85/86 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Сарыағаш» пойызы енді ескі вокзал кешенінен жүріп, бұл  бағыт «Нұр-Сұлтан-1 – Сарыағаш» деп өзгереді.

№673/674 «Павлодар – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол» бағыты бойынша жүретін пойыз енді «Павлодар – Нұр-Сұлтан-1» бағыты бойынша қатынайды. Күнара жүретін №712/711 «Нұр-Сұлтан – Шымкент» жолаушылар пойызы енді күнде жүреді.

Сондай-ақ, алты жолаушылар пойыздарының нөмірі өзгереді. Айталық,  «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты №153/154 «Нұр-Сұлтан – Семей» енді №353/354 пойызы, №375/376 «Нұр-Сұлтан – Өскемен-1» енді №67/68, №377/378 «Алматы – Маңғыстау» №77/78 болды.

Жеке тасымалдаушылар – №312/311 «Нұр-Сұлтан – Семей» енді №121/122 («Арай транс KZ»), №307/308 «Нұр-Сұлтан – Жезқазған» енді №107/108 («Марал-Нұр»), №617/618 «Қызылорда – Нұр-Сұлтан» енді №117/118 («Марал-Нұр») болып шойын жолға шығады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here