COVID-19: ЕРТЕҢ НҰР-СҰЛТАН, АЛМАТЫ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШІНЕ ЕНЕДІ

0
876

ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен 28 наурыз сағат 00.00-ден бастап республикалық маңызы бар үш қала – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жаңа шектеу шаралары күшіне енеді.

Сонымен, бекітілген қосымша қатаң шаралар:

  1. Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу;
  2. Халық көп жиналатын орындарды жабу (саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.);
  3. Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;
  4. Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу (отбасы мүшелерінен басқа);
  5. Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салу.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев үш қаладағы шектеу шаралары коменданттық сағат болмаса да, биліктің қауіпсіздік бойынша барлық шарасын ұстану керектігін айтып өтті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here