COVID-19 кезіндегі қажылық: Былтыр және биыл

0
184

Сәрсенбі, 29 шілде күні Меккеге қажылыққа бару басталды. Биыл COVID-19 пандемиясына байланысты Сауд Арабиясының билігі 10 мың адамға ғана қажылық жасауға рұқсат берді. Солардың үш мыңы Сауд Арабиясының өз азаматы, қалғанын шетелдіктер құрайды.

Исламдағы бес парыздың бірін өтейтіндердің бәрі коронавирусқа тест тапсырып, қажылыққа дейін және одан кейін екі апталық карантин шараларын сақтауға міндетті. Ал, былтыр бұл уақытта үлкен қажылықты 2,5 млн мұсылман орындаған еді.

Айта кетейік, Джон Хопкинс университетінің соңғы мәліметіне сенсек, Сауд Арабиясында 274 мың адамнан коронавирус анықталған және көзге көрінбейтін жау 2,8 мың адамның өмірін жалмаған.

Үлкен қажылық. Мекке. 2019 жыл.
Үлкен қажылық. Мекке. 2020 жыл.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here