Дәрілік препараттардың резервін дайындауда не ескеріледі?

0
149

«СҚ-Фармация» негізінде қалыптасатын резервті дайындау кезінде вирустық аурулардың да, коронавирустық инфекцияның да болжамдары ескеріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді.

«Болжамдарға сүйене отырып, тегін амбулаториялық және стационарлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін де, дәрілік препараттармен бөлшек сауданы қанықтыру үшін де резервтер қалыптастырылуда. Барлық есептеулерді аурудың өсуіне байланысты ұсынамыз», – деп толықтырды вице-министр.

Ал, «СҚ-Фармация» басқармасының төрағасы Ерхат Есқалиевтің айтуынша, 1,5 мыңға жуық дәрілік заттар бірыңғай дистрибьютордан келесі жылға сатып алу тізіміне енді. Бұл 1015 дәрі-дәрмек және 406 медициналық бұйым. Қазір медициналық ұйымдар болжамды қажеттілікті қалыптастыруға кірісті.

«ЕФИС ақпараттық жүйесінде өңірлермен өтінім беру науқаны ашылды. Апта соңына дейін қажеттілік анықталады, келесі аптада сатып алу рәсімдері басталады. Биылғы жылдың желтоқсан айында барлық қажетті дәрі-дәрмектер бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына түседі», – деді компания басшысы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here