Керекулік профессор табиғи косметика желісін шығарды

0
99

Торайғыров университетінде «Rimma cosmetics» сауда брендінің «EcoScrub» табиғи органикалық косметикасының рецептурасы әзірленуде. Бұл туралы tou.edu.kz хабарлады.

Римма Уәлиева

Биология және экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Римма Уәлиева отандық емдеу-профилактикалық косметиканы жасау идеясы бұрын туындағанын айтады.

«Табиғи косметика дүкендері мен сұлулық салондарының жабылуы отандық косметика желісін жасауға түрткі болды. Осылайша, табиғи компоненттердің базасында скрабтар желісінің рецептурасын жасауға шешім қабылдадым. Нәтижесі сұлулық салонындағыдай болады. Бұл косметикалық серияның құрамында дене мен бетке арналған скраб бар», – дейді Римма Уәлиева.

Керекулік профессордың айтуынша, сұлулық құрбандықты емес, ғылыми көзқарасты талап етеді. Табиғат пен ғылымның үйлесімі косметиологиядағы үздік әдістерді сақтап, өнімдерді табиғи және органикалық компоненттермен байытады. Ал, косметика тәуелсіз зертханалық сынақтардан өтуде және халықаралық сапа стандарттарына сай.

«Косметика жасау кезінде тек алғашқы сығындыдан өткен рафинадталмаған майлар қолданылады. Арнайы іріктелген құрамы теріні жасартады, ылғалдандырады. Гидро-липидті балансты қалыпқа келтіріп, теріні жақсартады. Теріасты май қабаттарын азайтып, коллаген синтезінің болуына септігін тигізеді», – дейді Римма Уәлиева.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here