COVID: Алматыда екінші модульдік аурухананың құрылысы басталды

0
201

Екі млн халқы бар Алматы қаласында екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды. Бұл туралы бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram (sagintayev.b) парақшасында жазды.

«COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шаралар аясында төсек санын арттырып, қуаттылықты күшейтуді жалғастырамыз. Бұл ретте 300 төсек-орынға арналған, оның 30-ы реанимациялық екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды. Медмекеме медициналық газ жүйесімен, сондай-ақ КТ, УДЗ және рентген аппараттарымен қамтамасыз етілмек. Госпиталь толығымен цифрлық негізде, яғни тексеру байланыссыз әдіспен, бақылау – бейнебайланыс арқылы жүргізіледі. Автоматтандырылған жүйе науқастың жағдайын жедел бақылауға, сондай-ақ «жасыл» және «қызыл» аймақтар бойынша қызметкерлердің қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді» деп жазды мегаполис басшысы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here