Өнерпаздар Абайға арналған онлайн концерт өткізді (видео)

0
227

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Ular» этно-фьюжн ансамблі «Абайға оралу» атты онлайн концерт өткізді.

«10 тамыз – Абай күніне орайластырылып ұйымдастырылған шарада өнерпаздар ұлы ақын һәм ойшылдың көпшілікке танымал, шоқтығы биік музыкалық шығармаларын орындады. Олардың қатарында Абайдың «Көзімнің қарасы…», «Айттым сәлем, Қаламқас» сынды әндері мен «Желдірме», «Торжорға» сияқты күйлері бар», – деп атап өтті оқу орнының баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан.

Онлайн концертте орындалған туындылар Қыздар университетінің әлеуметтік желідегі ресми парақшалары арқылы көпшілік назарына ұсынылды.

Айта кетейік, «Ular» этно-фьюжн ансамблі 1987 жылы құрылған. 30 жылдан астам уақыт бойы қазақ музыкалық шығармашылық өнерін жаңғыртуға үлес қосып келе жатқан бұл өнер ұжымы сондай-ақ ұлттың ұмыт бола бастаған көптеген музыкалық аспаптарын қайта жандандырды.

Өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына ие болған ансамбль Қытай, Моңғолия, Түркия, Ресей, Өзбекстан және тағы да басқа алыс-жақын шет елдерде гастрольдік сапарлар жасап, қазақ өнерін насихаттауға зор септігін тигізді.

 

«Абайға оралу» онлайн концерті

#Qyzdar_Ýnıversıteti_TV🔹 #KAZ «Абайға оралу» онлайн концерті – 3.Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Ular» этно-фьюжн ансамблінің орындауындағы «Айттым сәлем, Қаламқас» әуені.ℹ #QÝ_баспасөз_орталығы————————-🔹 #RUS Онлайн концерт «Возвращение к Абаю» – 3.Песня «Айттым сәлем, Қаламқас» в исполнении этно-фьюжн ансамбля «Ular» Казахского национального женского педагогического университета.ℹ #пресс_центр_QÝ————————-10.08.2020#Aлматы

Опубликовано Qyzdar Ýnıversıteti Понедельник, 10 августа 2020 г.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here