Қоғаммен жүйелі байланыс орнату – уақыт талабы

0
1676

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қоғамдағы жағымды беделін қалыптастыруға бағытталған PR-кампанияларды жүзеге асыру мен оқу орнының қызметін жан-жақты ақпараттық қамтамасыз ету және имиджін көтеру бағытында қандай жұмыстар істелді? Қол жеткен қомақты жетістіктер бар ма? Университеттің баспасөз хатшысы – баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы ретінде осы тұрғыда атқарылған жұмыстарға шолу жасап өтейін.

ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІ КӨШ БАСТАДЫ

Қыздар университеті әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары бойынша мемлекеттік ЖОО-лары арасында жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша да тұрақты түрде үздіктер сапынан орын алды. Атап айтқанда, ҚызПУ әлеуметтік желілерде ақпарат тарату мен оны БАҚ-тарда жариялау бойынша оң көрсеткіштерге қол жеткізді.

ҚЫЗПУ-ДЫҢ РЕСМИ АККАУНТТАРЫ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Facebook және Vkontakte әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары ақпараттық тартымдылығы жағынан үздік деп танылды.

Бұл туралы «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған жиында мәлім болды. Сараптаманы қазақстандық «TV Media Digital» компаниясының «TVM SMM» агенттігі жүргізген. Зерттеуге Қазақстанның 70 мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындары қатысқан. Сараптама «Тартымдылық коэффициенті (ER)», «Жазылушылар саны», «Ресми аккаунттарды безендіру» және «Жарияланымдар саны» параметрлері бойынша жүргізілді. «Тартымдылық коэффициенті (ER)» басымдығы бойынша Қыздар университетінің  Facebook-тағы ресми парақшасы 13,2 пайыз, Vkontakte-дағы ресми парақшасы 1, 36 пайыз көрсеткіш көрсетіп, топ бастаған.

816 ИМИДЖДІК ЖАРИЯЛАНЫМ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Университеттің баспасөз қызметі республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз әріптестік, іскерлік ынтымақтастық орнатқан. Бұл бастама өз кезегінде ордалы оқу орнының тыныс-тіршілігінен кеңінен мәлімет беруге сеп болады.  Сонымен қатар ол отандық БАҚ-та университет қызметі туралы ашықтықты қамтамасыз етеді.

2020 жылы халықаралық, республикалық және аймақтық БАҚ-та Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті туралы жалпы саны 816 ақпараттық-имидждік бағыттағы жарияланым жарық көрді. Оның ішінде аталған мерзім аралығында телеарналар эфирінен 46 телесюжет пен бағдарлама, мерзімді басылымдарда 266, сайттар мен порталдарда 495 және радиоларда 9 материал берілді.  Сонымен қатар БАҚ-та профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің 18 жарияланымы шықты.  Имидждік бағыттағы материалдар негізінен 40-тан астам республикалық және халықаралық ақпарат құралдарында тұрақты жарық көрген.

УНИВЕРСИТЕТТІҢ РЕСМИ САЙТЫ – ОҚУ ОРНЫНЫҢ БЕТ-БЕЙНЕСІ

2020 жылы ҚызПУ-дың www.kazmkpu.kz ресми интернет-ресурсының «Жаңалықтар» категориясындағы ақпараттық контент (жаңалықтар, хабарландыру) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде күнделікті жаңартылып отырды.

Өткен оқу жылында сайтқа жалпы саны 1 397 ақпарат орналастырылды. Бұл көрсеткіш 2019 оқу жылының сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары.

4 МЫҢНАН АСТАМ АҚПАРАТТЫҚ-ТАНЫМДЫҚ МАТЕРИАЛ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына 2020 жылы жалпы саны 4 381 ақпараттық-танымдық материал жарияланды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары.

Бүгінде оқу орнының Facebook, Instagram, Twitter, Telegram, Vkontakte және YouTube желілеріндегі парақшалары мен арнасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде күнделікті ақпарат таратады. Аталған желілерге жазылғандардың жалпы саны 10 мыңнан астам адамды құрайды.

РЕКТОРДЫҢ 100-ГЕ ЖУЫҚ ИМИДЖДІК МАТЕРИАЛЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Өткен жылы университет ректорының халықаралық және отандық БАҚ-та 84 мақаласы мен сұхбаты жарық көрді. Атап айтқанда, осы кезең аралығында оқу орны басшысының қатысуымен 9 телесюжет пен бағдарлама эфирден беріліп, мерзімді басылымдар мен ақпарат агенттіктерінде 75 имидждік бағыттағы жарияланым шықты.

УНИВЕРСИТЕТ ГАЗЕТІ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАМТИДЫ

Қыздар педагогикалық университетінің «Qyzdar Ýniversiteti» газетіне дизайндық және мазмұндық ребрендинг жасалып, 20 жылға жуық тарихы бар басылымға жан-жақты өзгерістер енгізілді.

Білім мен ғылымның қарашаңырағы – ордалы оқу орнының жылнамасын жазып жүрген газетке оқырманның талғамы, заманның талабына сай сараптамалар мен мәдени, рухани материалдарға көбірек басымдық берілуде.

Газет тек оқу орнындағы ақпараттар мен жаңалықтарды жариялаумен ғана шектелмей, білім және ғылым саласындағы маңызды да өзекті мәселелерді қамтыған материалдарды қамтуды қолға алды.

ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС – МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

2020 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына азаматтар тарапынан жалпы саны 2 мыңға жуық өтініш пен сауал келіп түсті.

Барлық арыз-өтініштің 80-90 пайызы оқу үдерісі мен әлеуметтік мәселелерге қатысты болса, қалған 5 пайызы – алғыстар мен құттықтаулар және оқу орнының басшысының атына жолданған лебіздер.

АҚПАРАТТЫҚ-ДИЗАЙНДЫҚ РЕБРЕНДИНГ ЖАСАЛДЫ

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «kazmkpu.kz» ресми интернет-ресурсы жаңарып, оның ақпараттық-дизайндық контентіне ребрендинг жасалды. Мақсат – азаматтарға қажетті ақпараттың қолжетімділік деңгейін арттыру және ресурсты заман талабына сай дамыту.

МЕДИА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Қыздар педагогикалық университетінің әлеуметтік желідегі ресми парақшалары мен бұқаралық ақпарат құралдарында «Қыздар университеті: тарих пен таным», «Дара университеттің даңқты түлектері» атты танымдық жобалар бастау алды.

Медиа жобалардың мақсаты – бірегей білім ұясының төл тарихынан кеңінен ақпарат беру, қарашаңырақ оқу орнының ғылым, білім беру, мәдениет және өзге де салаларда елеулі еңбек етіп жүрген түлектерінің азаматтық келбетін, олардың атқарған қызметтері мен игілікті істерін жастар арасында насихаттау.

ЭНЦИКЛОПЕДИЯЛЫҚ ЖИНАҚ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Университетте «Ұлттың ұлағатты ұясы» атты анықтамалық-танымдық жинақ жарық көрді.

Энциклопедиялық еңбекте еліміздегі педагог кадрларын даярлайтын іргелі орталықтың бірі – Қыздар университетінің еліміздің ғылым, білім беру және мәдениет саласында елеулі еңбек етіп жүрген түлектерінің азаматтық келбеті, олардың қажырлы қызметтері мен игілікті істері кеңінен баяндалған. 

Жинақта 80 жылға жуық тарихы бар оқу орнында күні бүгінге дейін атқарылған ауқымды жұмыстар мен жетістіктер де топтастырылған. Кітап «Тарих. Таным. Таразы», «Парасат мектебі: бүгіні мен болашағы», «Тұлғалар», «Ғалымдар», «Ұстаздар» және «Ақын-жазушылар, мәдениет саласының қызметкерлері» атты бөлімдерден тұрады.

Энциклопедияда жалпы саны 100-ден астам танымал түлектің өнегелі өмір жолдары мен отандық білім, ғылым, спорт және өнер салаларына қосқан қомақты үлестері жан-жақты екшелген.

Азаматтық келбеттері оқырман назарына ұсынылған түлектердің қатарында Күләш Құнантаева, Шәмша Беркімбаева, Оразкүл Асанғазы, Асылы Осман, Ақұштап Бақтыгереева сынды мемлекет және қоғам қайраткерлері бар.

Жандар АСАН, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз хатшысы – Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, ғылым магистрі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here