Әлеуметтік желі және оның қоғамдық санаға әсері

0
177

Кеше, 6 қарашада ҚР АҚДМ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры Нұрлан Күнтуовтың төрағалығымен «Әлеуметтік желі және оның қоғамдық санаға әсері» тақырыбындағы онлайн-кеңес өтті.

Кеңеске жергілікті атқарушы органдардың, бағдарламаның өңірлік жобалық кеңселерінің және Қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілдері қатысты.

Бүгінгі таңда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік желімен жұмыс істеу, оның ішінде бағдарламаны әлеуметтік желілерде насихаттау бойынша жұмысты қамту болып табылады.

Интернет-кеңістігі – заманауи қоғамдық ортаны қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы бойынша ақпараттық жұмыс тетіктерін құруға арналған жақсы диалог алаңы.

«Рухани жаңғыру» өңірлік кеңселерінің ресми парақшаларында яғни «Instagram», «YouTube», «Facebook» әлеуметтік желілерінде материалдарды жариялау арнайы айдарлар бойынша жүргізіледі. Олар:«Рухани Life», «Ұлттық мәдениеттің шебері», «Ұлттық өнердің шебері», «Өлкетану», «Ұлттық ойын» т.б.

Мысалы: «Ұлттық ойын» айдарында қалың жұртшылыққа ұмытылып қалған ежелгі ұлттық ойындар туралы материалдар жарияланады. Аталған айдардың мақсаты – «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тұжырымдамалық бағытының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес ұлттық спорт түрлерін жаңғырту және насихаттау.

«Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілерінде жарияланатын материалдардың мазмұны мен идеялық бағыттылығы контенттің форматын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here