Кеше, 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру күні Ортсайлауком учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы күні бойы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК мүшелері облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы деректерін ұсынып отырды.
Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру астана уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақыты бойынша сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 % – ы алды.
Олардың ішінде өңірлер бойынша:
Ақмола облысы бойынша – 72,8 %
Ақтөбе облысы бойынша – 58,8 %
Алматы облысы бойынша – 73,5 %
Атырау облысы бойынша – 56,4 %
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 62,4 %
Жамбыл облысы бойынша – 72,2 %
Қарағанды облысы бойынша – 70,7 %
Қостанай облысы бойынша – 71,8 %
Қызылорда облысы бойынша – 73,9 %
Маңғыстау облысы бойынша – 55,0 %
Павлодар облысы бойынша – 71,3 %
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,5 %
Түркістан облысы бойынша – 65,8 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 72,4 %
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 45,1 %
Алматы қаласы бойынша – 30,3 %
Шымкент қаласы бойынша – 56,5 %