«Цифрлық педагог» жазғы онлайн-мектебі тиімді әрі нәтижелі өтті

0
1658

Жаңа оқу жылына дайындықты онлайн және офлайн оқыту форматында жүзеге асыруда педагогтың цифрлық сауаттылығын арттыру – өзекті мәселенің бірі. Осы мақсатта 2020 жылдың 20-23 шілде аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тестілеу орталығы «Цифрлық педагог» тақырыбында Жазғы онлайн-мектеп ұйымдастырды, оған университеттің 180-ге жуық профессор-оқытушылары қатысты.

Университет Басқарма төрағасы-ректоры Дархан Біләлов құттықтау сөз сөйлеп, цифрлық сауаттылық пен қашықтан оқыту саласындағы шетелдік тәжірибесімен бөлісті.

Теориялық сабақтар барысында келесі сұрақтар қарастырылды: педагогикалық жобалауға негізделген оқу бағдарламаларын қалай құруға болады, онлайн сабақтардың бірнеше моделін әзірлеу мысалдары зерттелді: онлайн-дәрістер, офлайн-дәрістер, оқыту әдістері, цифрлық ресурстарды іріктеу, бақылау және бағалау, интерактивті тапсырмалар. Сонымен қатар6 көптеген тартымды онлайн цифрлық платформалар мен ресурстар үйретілді. Атап айтқанда, оқу ортасын және топтық жұмысты ұйымдастыру үшін – MS Teams, Oqylyq; бейнежазбаны жүктеу мен таратуды ұйымдастыруға арналған – Youtube; бақылау мен бағалауды ұйымдастыру үшін: Wordwall, Mentimeter, Coogle it, оқу-интерактивті жұмыс үшін үш өлшемді және екі өлшемді кеңістіктегі виртуалды эксперименттерге мүмкіндік беретін онлайн виртуалды зертханалар – VirtualLab, Merlot ұсынылды.

Практикалық жұмыс барысында интерактивті оқытудың әртүрлі құралдарын зерттеуге, цифрлық ізге сүйене отырып, оқу нәтижелерін қалыптастыру мен бағалауға арналған оқу сабақтарын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді. Жазғы мектептің тиімділігі сол, ол басынан бастап нәтижеге бағытталғандығында, әрбір 12 оқытушымен топ жасақталып, тәлімгер әр оқытушымен жеке жұмыстар жүргізу арқылы әр оқытушының цифрлық ресурстарды қолданып, сабақ өткізуін бақылап және бағалауында болды.

Жазғы мектеп аясында топтық жұмыста тәжірибелік дағдыларды бекіту мақсатында «MS Teams платформасындағы менің ең жақсы цифрлық оқу сабағым» тақырыбында әдістемелік командалық сабақтар дайындалды: «Әлемдік руханияттағы Абай мен Шекспир», «Историческое формирование лексики русского языка», «Физика пәнін онлайн оқытудың жаңа моделі», «Analysis of cations in biological objects», «Мое лучшее цифровое учебное занятие на платформе- Эссе», «Жаратылыстану пәндерін оқытудағы цифрлік білім беру ресурстары», «Педагогикалық риториканы оқытудың әдіс – тәсілдері», «Комплексті қосылыстар», «1 сентября – День Знаний», «Ұлттық тәрбие пәнінің мақсаты мен өзектілігі», «Применение интерактивных заданий на уроках русской литературы», «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері», «Өсімдіктердегі макро-, микроэлементтер», «Қашықтан оқыту жағдайында педагогикалық практиканы ұйымдастыру».

Жоба қорғау процесін бағалауға университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Мақтағали Бектемесов төрағалық еткен комиссия мүшелері, әр топты оқу сабақтарын өткізуге ерекше тұстарын бағалау арқылы «Идеялар генераторы», «Цифрлық ментор», «Цифрлық эдвайзер», «Цифрлы әдіскер» және т.б. түрлі номинациямен марапаттады.

Қашықтан оқыту процесін цифрлық форматта неғұрлым тиімді ұйымдастыру үшін «Цифрлық педагог» Жазғы онлайн-мектебінде оқыту Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамы үшін жалғастырылатын болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here