Қостанайда Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай конференция өтті

0
1507

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде Ы. Алтынсаринның 180 жылдығына, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасын зерттеу және оның идеяларын заманауи білім беру жүйесінде жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу. Пленарлық отырыс шетелдік жетекші ғалымдар мен ұйымдардың, ҚР жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен онлайн форматта өтті.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Қ.Аймағамбетов, Қостанай облысының әкімі А.Б.Мұхамбетов құттықтау сөз сөйледі.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қостанай облысының бірқатар білім беру нысандарын аралады. Ол ағартушы-ұстаз ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Содан кейін Қостанай ауданының Мичурин жалпы білім беретін мектебіне барды.

Сапар барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қауіпсіз және сапалы білім беру ортасын құрудың маңыздылығын атап өтті. Мичурин мектебінде бейнебақылау жүйесі, турникет және дабыл түймесі жұмыс істейді.

Педагогтар мемлекеттің ауыл мектептері үшін қаншалықты көп жұмыс істегенін айтып берді. Мәселен, Мичурин мектебінде соңғы екі жылда компьютерлік парк толығымен жаңартылды, шеберханаларға жаңа жабдықтар қойылды, мектеп кітапханасы, спорттық жабдықтар жаңартылды.

Содан кейін ол №27 мектепте білім беру ұйымдарының педагогтарымен және басшыларымен кездесіп, Қостанай жоғары политехникалық колледжі мен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде ашылған «Sweet baby»инновациялық білім беру балабақшасы оқу үдерісімен танысты.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. «Үздік педагог-2021» республикалық конкурсының жеңімпаздары, еліміздің барлық өңірлерінің білім беру басқармаларының басшылары Қостанай облысының қонақтары болды.

«Еңбек ардагері» медальдарымен, «Ы. Алтынсарин» және «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» 10 педагогтың еңбегі атап өтілді, сондай-ақ педагогикалық еңбек ардагерлері марапатталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here