Дархан Біләлов Түркияның Қазақстандағы Бас консулымен кездесті

0
927

Кеше, 21 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Дархан Біләлов Қазақстандағы Түркия Республикасының Бас консулы Али Рыза Ақынджымен кездесті.

Кездесуге Қазақстандағы Түркия Республикасы Бас консулдығының білім беру жөніндегі атташесі Махмут Агырман және Абай университетінің стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева қатысты.

Кездесу барысында ректор Дархан Біләлов Абай атындағы ҚазҰПУ-дың түрік университеттерімен ынтымақтастығы жайында, қандай бағыттарда бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы қысқаша ақпарат беріп, Абай университеті жоғары оқу орындары арасындағы екіжақты халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға баса көңіл бөлетінін және барлық түрік жоғары оқу орындарымен серіктестік байланыстарды жоспарлы түрде кеңейтуге дайын екенін атап өтті.

Али Рыза Ақынджы Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы университеттері арасындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Абай атындағы ҚазҰПУ-мен түрік университеттерінің бірлескен жұмысын жалғастыруда Түркия Республикасының Бас консулдығынан толық қолдау көрсететіндігін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар алдағы жемісті жұмыстардың жүзеге асатынына сенім білдірді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here