Петропавлда ұлттық валютаның рөлі жайлы көрме ашылды

0
652

Петропавл қаласындағы “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Тәуелсіздігінің мерейтойы аясында ҚР Ұлттық Банкінің Солтүстік Қазақстан филиалымен бірлесіп ұйымдастырылған ұлттық валюта – теңгенің 28 жылдығына арналған көрменің ашылуы өтті.

Көрмеде валютаның жасалу тарихы ұсынылды, келушілер алғашқы банкноттармен таныса алды, сондай-ақ естелік тарихи оқиғаларға, елдің айтулы күндеріне, Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаларға арналған коллекциялық монеталарды тамашалады. Сондай-ақ, “Қолданбалы өнер”, “Атақты мешіттер”, “Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары”, “Қазақстан фаунасы” сынды сериялары да бар.

Көрмені өткізудің негізгі мақсаты-отаншылдық пен азаматтыққа тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстан азаматтарында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

Көрме мен ұлттық валюта туралы айта келе, Ақмарал Елеусізова, «Абылайхан резиденциясы» мұражай кешенінің қор сақтаушысы келесіні атап өтті: «Белгілі бір кезеңде ұлттық валютаны енгізу мәселелерін әрбір мемлекет өзі шешеді. 1993 жылы Ресей банкі ақша реформасын жүргісіп кеңесттік банкноттар ақша айналымынан алынады. Егерде кеңестік банкноттардың Қазақстанға ағылып келуі гиперинфлияцияға алып келер еді. Одан халық тұрмысы төмендеп, шекаралық сауда саттық тоқтар еді. Одан көптеген кәсіпорындар банкротқа ұшырып жұмыссыз көбеюі мүмкін еді. Бірақ ұлттық валютамыз бұл мәселенің алдын алды».

Көрме 11 қарашадан 18 қараша аралығында жұмыс істейді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here