«30 жыл 30 есім» ұлттық жүлдесі үміткерлеріне дауыс беру басталды

0
71

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай осы жылдар ішінде ел дамуына орасан зор үлес қосқан қазақстандықтар арасында «30 жыл 30 есім» ұлттық байқауын жариялайды. Телевизиялық жүлде соңғы 30 жылда әр салада жетістікке жеткен бірегей тұлғаларға табысталады.

Әр аталым бойынша 5 үміткер  сарапшылардан құралған арнайы комиссия  шешіммен іріктеліп, дауыс беруге шығарылды. Телерадиокорпорацияның ресми сайтындағы жалпыхалықтық дауыс беру 30 қарашаға дейін жалғасады.

Байқау:

– Медицина және денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін; 

– Қоғамдық белсенділігі үшін;

– Мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін;

– Кино саласына қосқан үлесі үшін;

– Спорт саласындағы жетістіктері үшін;

– Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін;

– Білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін;

– Ауыл шаруашылығы және агроөндіріс саласына қосқан үлесі үшін;

– Дәстүрлі өнердің дамуына қосқан үлесі үшін;

– «Әдебиет» аталымдары бойынша өтеді.

Ұлттық жүлдеге үміткерлер арасында  қоғам қайраткері Асылы Осман, медицина ғылымдарының докторы, академик Серік Ақшолақов, әнші Димаш Құдайберген, кино режиссері Ақан Сатаев, кәсіпқой боксшы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам, Қазақстанның Еңбек Ері, білім беру ісінің үздігі Аягүл Миразова, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет бар.

Дауыс саны арқылы қазақстандықтардың кең қолдауына ие болған жеңімпаздар 16 желтоқсан – Тәуелсіздік қарсаңында өтетін арнайы кеште марапатталады.

Үміткерлерге дауыс беру https://vote.kaztrk.kz/

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here