Мұрат Молдахметовке құрмет көрсетілді

0
1388

Үшарал гарнизоны Әскери полиция бөлімінде 25 жыл жемісті еңбек еткен әскери полиция бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы, майор Мұрат Молдахметовтың құрметіне орай салтанатты шара өткізілді. 

Жиынды бөлім басшысы п/п-к А.Топишев құттықтау сөзімен ашып, майор Мұрат Чаяхметұлына әскери полиция саласында жауапты қызмет атқарып, бөлім беделінің биік болуына зор үлес қосқаны үшін алғысын білдірсе, жеке құрам атынан құрмет көрсетілді.

Сондай-ақ, Әскери полиция қызметі саласында өзін жауапты, әрі адал  қызметкер ретінде көрсете білген М. Молдахметов ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде 25 жыл сүбелі еңбек еткені үшін «Мінсіз қызмет» медалімен марапатталды.

Шара соныңда әскери бөлімнің жеке құрамы сап түзеп, рота бойынша алаңда салтанатты шерумен офицер Мұрат Чаяхметұлына құрмет көрсетіп өтті.

Касиет Арстан,
Алакөл ауданы әкімінің Баспасөз қызметі

 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here