Құрылыс саласында бақылауды күшейтуді қарастыратын заң жобасы әзірленді

0
484

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары шағымсыз тексере алмайды және объектілерді пайдалануға қабылдауға қатыспайды. Қазіргі уақытта елімізде құрылыс саласында бақылау әлсіз болғандықтан, кейбір объектілер кемшіліктермен қабылданады.

Мемлекеттік бақылауды күшейту үшін мынадай шұғыл шараларды қамтитын заң жобасы әзірленді:

  1. Аумақта құрылысты сапасыз жоспарлауды болдырмау үшін қала құрылысы сараптамасын енгізу;
  2. Құрылыстың барлық кезеңінде (қазаншұңқыр қазудан бастап абаттандыру жұмыстарына дейін) объектілерге жоспарлы бақылау енгізу және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысуы;
  3. Пайдаланылатын материалдар мен орындалған жұмыстардың сапасына зертханалық және техникалық тексеру жүргізу үшін тәуелсіз мемлекеттік зертханалық қызмет құру.

Мемлекет басшысы 2021 жылғы Жолдауында қалаларды кешенді салудың жаңа стандарттарын әзірлеу қажеттігін айтты.

Осыған байланысты Министрлік Қала аумағын сапалы жоспарлау стандарттарының бірінші редакциясын әзірлеп, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберді.

Стандарттар тартымды және ыңғайлы қоғамдық кеңістік қалыптастырады. Жаяу жүргіншілер мен велосипед инфрақұрылымын дамытуды ескере отырып, жинақы құрылысты жобалаудың қарапайым және көрнекі құралы болады.

Стандарттарды биылғы маусым айында бекіту жоспарланған. Онда  қала аумақтарын кешенді дамыту принциптері; қала аумақтарын дамыту стандарты; қалалардың келбетін қалыптастыру стандарты; бос аумақтарды игеру стандарты;  жобаларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі нұсқама қамтылады.

Осы стандарттарды ескере отырып, әкімдіктер әртүрлі көздерден қаржыландырылатын орам/аудан аралық жоспарларды әзірлеп, бекітуі тиіс. Инженерлік инфрақұрылымды, тұрғын үй қорын кезең-кезеңмен реконструкциялаудың кешенді тәсілін әзірлеуі қажет.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here