Депутаттар, Үкімет мүшелері және әкімдердің еңбекақысын көтеруге мораторий енгізілді

0
976

2022 жылғы 1 ақпанда Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қаулыға өзгерістер енгізілді. Құжат жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтерді іріктеу критерийлерін бекітуді көздейді.

Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жекешелендіру туралы шешімдері мемлекеттік мүлік тізілімінің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің веб-порталдарында жариялауға жатады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында «ҚР Парламенті депутаттарының, Үкімет мүшелерінің, әкімдердің еңбегіне ақы төлеуді арттыруға мораторий енгізу туралы» Қаулы қабылданды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here